(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2024-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ»...

2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 119 шешімі

(2024.20.06. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 6 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

Қарағанды облыстық мәслихатының 2024.14.03. № 159 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2024.25.04. № 168 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2024.20.06. № 181 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 580655657 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 139856468 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 17146732 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша - 0 теңге;

трансферттер түсімдері бойынша - 423652457 мың теңге;

2) шығындар - 588716029 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 28995619 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 37606154 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 8610535 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -37055991 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 37055991 мың теңге:

қарыздар түсімдері - 35106154 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 7936823 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 9886660 мың теңге.

2. 2024 жылға арналған облыстық бюджет түсімдерінің құрамында, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.